Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған.
"Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2021 жылдың 10 қаңтарында полицейлер оны Шымкентке әкеліп, жанұясына қайтарды. Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалған жұбайын тауып бергені үшін полицейлерге алғыс айтты", - делінген хабарламада.