Өскемен қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт Карл Либкнехт көшесінде орналасқан Репродуктивті медицина орталығынан шыққан. Құтқарушылар бірден оқиға орнына аттанған. «Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17.55-те толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ведомство. Құтқарушылар мекемеден бес адамды эвакуациялаған. Жалынды ауыздықтауға 37 адам мен 12 техника жұмылдырылды.