Әлеуметтік желілерде ДДСҰ-ның пандемияның жоқтығы туралы мәлімдемесі пайда болды
Әлеуметтік желілерде ДДСҰ-ның пандемияның жоқтығы туралы мәлімдемесі пайда болды
Әлеуметтік желілерде ДДСҰ-ның әлемде COVID-19 пандемиясы жоқ және болмаған деген мәлімдемесіне сілтеме жасалған хабарлама пайда болды. Бұл – бұрынғы фейк. Ұйым мұндай мәлімдеме мүлдем жасамаған, - деп жазады stopfake.kz. Бұл фейктің шығуына ДДСҰ-ның 2020 жылғы 8 маусымда өткен баспасөз брифингі себеп болды. Әлемде пандемия жоқ деген сөзді осы ұйымның өкілі, эпидемиолог Мария Ван Керкхове айтқан дейді. Шындығында, ол бұл туралы ештеңе айтпаған. Ол брифингте симптомсыз науқастар COVID-19 белгілері бар адамдарға қарағанда басқаларға аз қауіп төндіретінін мәлімдеген. ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейсус та әлемде пандемия жоқ екендігі туралы хабарламаған. ДДСҰ 2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 пандемиясын ресми түрде жариялады. Пандемияның аяқталуы туралы әлі ештеңе жарияланған жоқ.