Сұлтан Сартаев: Өмір деген алып күш
Сұлтан Сартаев: Өмір деген алып күш
287
оқылды

Кеше, 13 желтоқсанда Қазақстанның алғашқы Конституциясын жасаушылардың бірі, академик Сұлтан Сартаев өмірден өтті. Ол - 92 жаста еді.

Абыз ақсақалдың өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түскен емес. "Өмір деген алып күш, Тас бұғауды бұзатын" деген ғалым күресуден мойымаған емес. Алып тұлғаның дүниеден өтуі отбасы мен жақындарына ғана емес, бүкіл қазақ жұртына орны толмас қаза. 
Султан Сартаев 03.jpg
«Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді», - деген көңіл айту жеделхатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 
Султан Сартаев 04.jpg
«Сұлтан Сартайұлының дүниеден өтуі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. С.Сартаев Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының негізін қалаушылардың бірі болды. Еліміз егемендік алған тұста отандық заңнаманың қалыптасуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына мол еңбек сіңірді. Соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырды», – деген жеделхатты Қасым-Жомарт Тоқаев та жолдаған еді. 

с0.jpg

Ел тәуелсіздігінің заңдық базасы Консти­ту­цияны, біздің 1990 жылдан бастап қабылдаған аса ауқымды құқықтық құжаттарды тірек ететінін айрық­ша атап өткім келеді. Егемен Қазақстанның жаңа конституциялық заңдылығы осы сәттен басталды. Жаңа Конституцияның жобасын жасамастан бұрын біз елімізді басқару формасын анықтап алуымыз керек болды. Сөйтіп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы мәжілістерінің бірінде мен Қазақстанда Президент қызметін тағайындау туралы ұсыныс жасадым. Ол кезде бұл көптеген факторларға бай­ланысты еді. Қоғам көп ұлтты елде конфедерацияның тиімсіздігін сезіне де, түсіне де білді. Ұсыныс депу­тат­тар тарапынан қолдау тауып, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанда Президент қызметін тағайындау туралы заң қабылданып, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сайланды" дейді Сұлтан Сартаев "Егемен Қазақстан" берген сұхбатында. 
с1.jpg
Академиктің ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық және 30-ға жуық кандидаттық диссертация қорғалды.Ғалымның 490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар.
«Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерімен, өзге де наградалармен марапатталған.
с3.jpg

Естеріңізге салсақ, Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алматы заң институтын, 1952 жылы Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген.С.М. Киров атындағы Қазақ мемленкеттік университетінде 1955 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, осы кафедраның профессоры болып қызмет атқарып келеді. 
с.jpg
С.Сартаевты заңгер ғалым және қоғам қайраткері ретінде тек Қазақстанда, ТМД мемлекеттерінде ғана емес, Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде біледі. Ол екі Бүкіләлемдік конгреске белсенді қатысып, баяндама жасаған: 1980 жылы Мальтада Халықаралық саяси ғылымдар қауымдастығы (МАЮД), 1984 жылы Грекияда, 1988 жылы АҚШ-та, 1991 жылы Аргентинада, Еуропа мен Азияның жеті мемлекетінде: Испанияда 1982 жылы, ГФР-да 1989 жылы және 1992 жылы, 1993 жылы АҚШ-та адам құқығының ең маңызды мәселелері бойынша дәрістер оқыды.
sartaev_gl.jpg

Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш ҚР Президент Кеңесі – Республика Президенті жанындағы бас Кеңес органының 9 мүшесінің бірі болған, Президент жанындағы Қазақстан сотымен сотталғандарға кешірім жасау Республикалық Комиссиясының Төрағасы болды. Ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің теориялық семинар жетекшісі болды.