Тұрғындар тұрақтылық пен тыныштықты таңдады
Тұрғындар тұрақтылық пен тыныштықты таңдады
179
оқылды
– Биылғы сайлаудың жөні бұрынғыдан өзгеше. Себебі халық  әлемдік қиын жағдайға  қарамастан тағы бір рет біртұтастығы мен бір­лігін көрсетті. Үгіт-насихат жұмы­сы кезінде  тұрғындармен тілдесіп, бұқараның мұң-мұқтажына құлақ түрдім. Сондағы аңғарғаным – халықтың құқықтық санасы мен таным-түсінігі кеңейген. Күні кешегі сайлауда бұқара осы татулығымызды биік қойып, тұ­рақ­тылық пен тыныштығымызға таңдау жасады. Дауыс беру көрсеткіші көрсет­кендей  «Nur Otan» партиясы  қара халықпен әрдайым бірге  көш­басшы  партия екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өзім де  Қазақстан азаматы ретінде дауысымды сенім артатын партияма бердім. Сол партиямен бірге елімізді дамудың даңғыл жолына бастап, болашақтың ірге­тасын бірге қаласам деймін. Халықаралық және  отандық тәуелсіз байқаушылар барлағандай  сайлау ашық, әрі әділ өтті. Барлық партияға теңдей құқық беріліп, өкілдеріне қажеттінің бәрі жа­салды. Бұл біздің елімізде  құқық­тық теңдік  салтанат құрып тұр­ғанын дәлелдеді. Ел тарихындағы айтулы сайлау  кемел келешегіміз­дің кепілі болады деп сенемін.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, «Қазфосфат» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері