Татулығымызға сызат түспесін деп тіледік
Татулығымызға сызат түспесін деп тіледік
5,099
оқылды
Пандемияға байланысты биыл­ғы сайлау барлық сани­тарлық талаптарға сай өтті. Қиын­дықтарға  қарамастан  сайлау таза және ашық түрде ұйымдас­тырылды. Барлық партиялар жоғары саяси белсенділік таныт­ты. Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз. Біздің таңдауымыз бар. Ал бүкіл елдің болашағы біздің бүгінгі және ертеңгі шешімімізге байланысты. Сондықтан сайлауға жауап­кершілікпен қарадық.  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ас­самблеясының мүшелері, сай­лау науқанының барысын мұқият бақылап отырдық. Өйткені мұнда ел тағдыры, сіз бен біздің келе­шегіміз жатыр. Бұл  сайлау Президентіміздің әлеуметтік-экономикалық бас­тамаларын табысты жүзеге асыру­ға және Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деп сенемін. Сайлау күні  учаскеге өзім  ғана барып  қоймай, барлық этномәдени бірлестік мүшелерін шақырдым. Дауыс берудің маңызын ұғындырдым. Бір сөзбен айтқанда, біз сайлау күні ынтымағымыз бен бірлігіміз үшін дауыс бердік. Ұлт пен ұлыс болып ұйысқан татулығымызға сызат түспесін деп тіледік. Біздің бір ғана Отанымыз  бар – ол Қазақстан! Ал Отанның жолында от кешуге дайынбыз.

Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы