Пандемияға байланысты биылғы сайлау барлық санитарлық талаптарға сай өтті. Қиындықтарға қарамастан сайлау таза және ашық түрде ұйымдастырылды. Барлық партиялар жоғары саяси белсенділік танытты. Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз. Біздің таңдауымыз бар. Ал бүкіл елдің болашағы біздің бүгінгі және ертеңгі шешімімізге байланысты. Сондықтан сайлауға жауапкершілікпен қарадық. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сайлау науқанының барысын мұқият бақылап отырдық. Өйткені мұнда ел тағдыры, сіз бен біздің келешегіміз жатыр. Бұл сайлау Президентіміздің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын табысты жүзеге асыруға және Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деп сенемін. Сайлау күні учаскеге өзім ғана барып қоймай, барлық этномәдени бірлестік мүшелерін шақырдым. Дауыс берудің маңызын ұғындырдым. Бір сөзбен айтқанда, біз сайлау күні ынтымағымыз бен бірлігіміз үшін дауыс бердік. Ұлт пен ұлыс болып ұйысқан татулығымызға сызат түспесін деп тіледік. Біздің бір ғана Отанымыз бар – ол Қазақстан! Ал Отанның жолында от кешуге дайынбыз.
Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы