Ассамблея біртұтас ұлттың мүддесін білдіреді
Ассамблея біртұтас ұлттың мүддесін білдіреді
156
оқылды

Елбасымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясына қатысып, ҚХА атынан Мәжіліске сайланатын депутаттарға өз дауысын берді. Бұл рәсім Нұр-Сұлтан қаласын­дағы Бейбітшілік және келісім са­­райында өтті. Айтқандай, Ассам­­блея осымен 4-ші рет өз қа­­лау­лыларын ел Парламентіне сай­лап отыр. Алғаш рет ҚХА депу­­таттарының додасы 2007 жыл­ғы 20 тамызда, одан кейін 2012 жылғы 16 қаңтарда, бер­тінде 2016 жылғы 21 наурызда болды.

ҚХА сайлауы қалай өтті?

Ел арасында «Пирамида» ата­латын сарайдың бірінші қа­ба­тында таңғы сағат 07.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сайлау ко­мис­сиясы Парламент Мәжі­­лісіне де­­­путаттарды сайлауға арналған дауыс беру пунктін ашты. Дауыс беру 8-ден өте басталды. Оған рес­­­публикалық және аймақтық этно­мәдени бірлестіктердің өкіл­де­рінен құралған ҚХА мүшелері қатысты. Іс-шараны қоғам қай­раткерлері, ғылым және шығар­машылық зиялылар, Қазақстанда аккредитацияланған халықаралық бақылаушылар, БАҚ өкілдері қадағалады. Келушілердің бар­лығынан ПТР-тест тапсыру және бойында коронавирус жоқтығын дәлелдейтін анықтама болуы, сондай-ақ бетперде киіп жүру та­лап етілді. – Сайлау заңына сәйкес, дауыс беру пункті ашылды. Он­дағы сай­лауком мүшелері дауыс беру құқығы бар ҚХА мүшелеріне сай­лау бюлле­теньдерін береді. Олар­дың үстелдерінде үстел нөмірі мен өңірлердің атауы көр­сетілген нұс­­­­қаулық тұр, – деп тү­­сіндірді Нұр-Сұлтан қаласы бойын­­­­ша сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Телемісова. Бюллетеньдер тек жеке куәлі­­гін не паспортын көрсеткенде ғана табысталды. ҚХА мүшесі бюллетень алғанын растап, тізім­­дегі өзінің аты-жөні жазылған тұсқа қолын қойды. Осы орайда, дауыс беру құқығын өзгеге жүк­теуге немесе өзге адам үшін дауыс беруге тыйым салынды. Сайлау­шылар арнайы жабдықталған кабинада таңдауын жасап, бюл­летеньді құпия толтырды. Сайлау парағына 9 кандидаттың есімі енгізілді. Дауыс беруші өзі қалаған бірнеше үміткердің тұ­сындағы квадратқа белгі соқты. Қала­ма­ғанының текшесін бос қалдыруы тиіс.

Тоғызы да топ жарды

Сағат тілі 11-ге таяғанда Нұр-Сұлтан қалалық сайлаукомы дауыс беру қорытындысын жа­­рия­­­лады. Нәтижесінде, додаға түскен 9 кандидаттың бәрі де Мәжіліске өтіп, депутат ман­да­тына ие болатыны анықталды. Оларға «ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаты» куәлігін Орта­лық сайлау комиссиясы тап­сырады. Ассамблея сайлауының қорытындысын да ОСК бекітуі тиіс. Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі осы сайлауға 9 үміткерді ұсынды. Ассамблея Бұлар: Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы – VI шақыры­лымдағы Мәжілістің ҚХА атынан сайланған депутаты; Амирханян Аветик Рубенович – Батыс Қа­зақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы; Буларов Ильяс Юсупович – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Сартөбе ауылдық округінің әкімі; Де­­ментьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласындағы Техни­­калық лицей директоры, қазақ тілінің маманы; Ли Юрий Вис­сарио­­нович – Қазақстанның кол­лекторларының ұлттық палата­сының төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі; На­биев Вакиль Гусейнович – «Бар­банг» күрдтер қауым­дасты­ғының вице-президенті; Осин Шамиль Абзалетдинович – «Шы­ғыс» фер­­­мерлік шаруашы­лығы­ның бас­­шысы, ҚХА мүшесі; Тох­тасунов Владимир Им­тахунович – «Же­тісуОблГаз» ЖШС бас ди­ректоры; Хамедов Абилфас Мус­лимович – «Әзербайжандар қауым­­­­­­дас­тығы» республикалық қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы. Жалпы алғанда, құпия дауыс беруге ҚХА-ның 351 мүшесі қатысты. Бюллетеньдерді санау нәтижесінде сайлаушы деле­гат­­тардың дауысы былайша бө­­лінді: Сауытбек Әбдірахманов – 298, Наталья Дементьева – 292, Абил­фас Хамедов – 290, Вакиль На­биев – 285, Юрий Ли – 282, Владимир Тохтасунов – 277, Ильяс Буларов – 274, Шамиль Осин – 271, ал Аветик Амирханян 270 дауысқа ие болды.

Тәуелсіздік жылдарының бір белесі

Пирамида пішіндес сарай­дың опера залында ҚХА-ның XVIII сес­сиясы өтті. Жиында ҚХА Төрағасының орынбасары–ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жан­­сейіт Түймебаев сөз алды. Ол осы сайлаудың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы жылына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екеніне назар аудартты. «5 қаңтарда ел Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуел­­­сіздік бәрінен қымбат» атты ма­қаласы жарияланды, онда бір­­лік пен келісім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Биылғы жылды біз маңызды саяси науқан – елдің жо­­­­ғарғы заң шығарушы орга­ны­ның депутаттарын сайлаудан бас­тадық. Бұл қадам қоғамның бір­лігін ны­­ғайтуға, этностардың мүддесін біл­­­­­діруге, олардың елі­міздің қоғам­дық-саяси өміріне қатысуын жан­дандыруға бағыт­талған. Бұл қадам БҰҰ, ЕҚЫҰ, басқа да халықаралық ұйымдар аясында Қазақстанның адами өлшемдер, азаматтық және саяси құқықтар саласындағы ха­лық­аралық міндеттемелерін орын­дауымен ұштасып жатыр», – деді Ж.Түймебаев. Ол Ассамблеяның 9 депутаты тек өз ұлтының емес, Қазақ­стан­ның барлық этносының, бү­кіл ха­лықтың мүддесін білдіретінін ес­ке салды. Ал ҚХА-ның Мәжі­ліс­­тегі депутаттық тобы – елдің тату­лығы мен бірлігін нығайту мә­­се­­­лелері бойынша пар­тия­ара­­­лық ынты­мақтастықтың пар­ла­­менттік теті­гінің рөлін атқаруы қажет. Жансейіт Қансейітұлының байламынша, Мәжілістің ал­дың­­­ғы 3 шақырылымына қатыс­қан ҚХА депутаттық тобы бел­сенді­­­лігімен және заң шығаруға қосқан үлесімен ерекшеленді. Нақ­­тылай кетсек, өткен шақы­рылымдардағы депкорпуста Ас­самблеяның де­путаттары 12 заң жобасына бас­­­­тамашы болыпты, 200-ге жуық заң жобасын қарауға қатысқан. Сондай-ақ заң жоба­ларына 2 мың­­­­нан астам түзету енгізіп, 226 де­путаттық сауал жа­риялады.

АйханАйхан ШӘРІП