Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары уақытша көшірілетін болды
Алматыдағы қисайған үйдің тұрғындары уақытша көшірілетін болды
121
оқылды

Барлық тұрғынға басқа пәтер жалдау үшін қаражат берілмек.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің instagram парақшасында хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиісті қаулы шығарды. Ол тұрғындармен жеке кездесіп, олардың шағымдарын тыңдап қайтқан болатын.

"Бұған кінәлілерді анықтау үшін Зерделі-6 ықшам ауданындағы №179 үйді салған мердігерлер мен оған сараптамалық қорытынды шығарғандарға қатысты Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі іс жүргізуді бастайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты», – деп хабарлады Әсет Мұқажанов.

Сондай-ақ әкімдіктегілер Зрделі-6 ықшам ауданына қарасты барлық үйлерді тексермек. Nur Otan партиясының Алатау аудандық бөлімшесінде қисайған үйдің тұрғындарының мәселелерін шешумен айналысатын штаб құрылған. Штаб қызметіне адамдарды уақытша пәтерге көшіруді ұйымдастыру да кіреді.