Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Шетелдік байқаушылардың бағасы қандай?

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 12, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Шетелдік байқаушылардың бағасы қандай?
32
қаралым

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сай­лауын халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген 398 байқаушы бақылады. Екі жыл бұрынғы Пре­зидент сайлауында мыңнан астам шетелдік байқаушы жұмыс істегенін ескерсек, COVID-19 пандемиясы саяси науқанға да өз түзетуін ен­гізгенін мойындаймыз. Десе де, саннан сапа маңызды: мың­­ның айтқан бір пікірінен жүз адамның түрлі пікірі бағалы болса керек.  

Күні кеше мәреге жеткен сай­лауды 10 халықаралық ұйымнан келген 322 адам бақылады. Оның ішінде ТМД елдерінен кел­гендердің үлесі басым. Мысалы, ТМД Парла­ментаралық Ассам­блеясы – 48, ТМД ұйымы 179 өкіл жіберген. Ислам ынтымақтастық ұйымы – 4; ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро­сы – 42; ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея­сы – 9; Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 15; Түркітілдес мемле­кеттердің ын­тымақтастық кеңесі – 7; Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйы­мының Парламенттік ассамб­лея­сы – 7; Түркітілдес елдердің пар­ламенттік ассамблеясы – 9; Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі 2 байқаушыға сенім ар­тыпты.

Ал қалған 76 бақылаушының халықаралық ұйымдарға қатысы жоқ. Олар Иордания, Қырғыз Респуб­ликасы, Мальдив, Молдова, Түркия, Әзербайжан, Армения, Индонезия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Үн­дістан, Филиппин, Венгрия, Ис­пания, Норвегия, Франция, Швей­цария, Польша, Чехия, Италия, Эстония, Украина, Германия, Бель­гия, Палестина, Ұлыбритания, Моң­ғолия, Шве­ция, Канада, Финляндия сияқты мемлекеттерден келді.

Қазақстан қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті

Қанша адам болса, сонша пікір қалыптасатыны заңды. Шетелдік бай­­­­­қаушылар пікірі де екіге жа­рылды. Бірі сайлау барысында бірде-бір кемшілік таппадық десе, екінші топ ескертуін естіртіп айтты. Десе де, бүгінгідей пандемия кезінде сайлау учаскелерін дауыс беруге жоғары деңгейде дайын­дағанымызды оң бағалағандар басым болды. Мысалы, Германия сыртқы сауда және фе­дералды қауымдастығының эконо­микалық даму кеңесшісі Урс Ункауф Қа­зақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті деген пікірде.

Карантин киім өндірісін күйрете жаздады

Халықаралық келісім күші тоқтатылады

Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

«Нұр-Сұлтан қаласындағы бір­неше сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Байқағаным, Қазақ­стандағы сайлау ұлттық заңнамаға және халықаралық стандартқа сай өтті. Барлық дауыс берушіге тең құқық берілген. Адамдар бір орын­да көп шоғырланбауы үшін барлық шара қарастырылған. Қазақ­станнан бөлек, шетелде өткен сай­­­­лауларда байқаушы болдым. Ол кезде әлемде коронавирус індеті жоқ еді. Сондықтан арақа­шық­тықты сақтау, бетперде тағу мін­деттелмеді. Қазақстан бүкіл әлемге пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті. Мен барған сайлау учаскелерінде санитарлық талап­тар қатаң сақ­талды», – деді.

Польшалық байқаушы өзге посткеңестік мемлекеттермен са­лыстырғанда Қазақстандағы жүйе мен тәртіпті ерекше бағалады.

«Мысалы, Украина мен Бе­ларусь елдеріндегі сайлауды айтуға болады. Ал сіздерде жүйе мен тәр­тіп және ел тұрақтылығы ба­қы­ланады. Сондай-ақ сайлау про­це­сін қазақ­стан­дық­тармен қатар, халықаралық бай­қаушылардың қадағалап жат­қанын да айтқан жөн», – деді Польша Сеймнің депутаты Томаш Ленц.

ТМД Парламентаралық ас­­самблеясы өкілі Олег Цепкин сай­­лау­ға жастардың белсенді қатысқанын байқапты. Ал Өзбек­станның Олий Мажлисінің заң шығару палатасы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл және сот-құқықтық мәселелер коми­тетінің мүшесі Адхам Шадманов әйелдер мен жастар үшін енгізілген квотаның тиімділігіне мысал кел­тірді.

«Кей экономистер Парламент жастар мен әйелдерге толы болады деп болжайды. Шындығында, квота бойынша қабылданған өз­геріс оң нәтиже береді. Бізде 8 жыл бұрын белгіленген квота өз нә­тижесін бер­генін айтқым келеді. Қазір біздің Парламентте әйелдер үлесі – 33%. Сонымен бірге мұн­дай жас Пар­ламентті ешқашан көрген емеспін – жасы елуден ас­қан депутаттардың үлесі 20% ғана», – деді.

ҰҚШҰ Парламенттік ассамб­леясынан келген Умахан Умаханов бір күнде 49 сайлау учаскесіне бар­ғанын, оларда бірде-бір заң бұзу тіркелмегенін айтты. «Сайлау жо­ғары деңгейде ұйым­дас­ты­рыл­ды. Осынау күрделі уақытта Қазақстан сайлауды қалай ұйым­дастырғанын көрдік және өзге елдер де қазақ­стандық тәжірибені қолданады деп ойлаймын», – деді ол.

Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандус болған жоқ

Түркітілдес мемлекеттер ын­ты­мақтастығы кеңесі хатшысының орынбасары, сайлау байқау­­­­шы­лары делегациясының бас­шысы Омер Кожаман Қа­зақстандағы Мәжіліс және мәс­лихат депу­таттарының сайлауы ұлттық заң­нама мен ха­лықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды деп санайды. Ол барлық сайлау учаскесі ашық қолжетімді болды, қандай да бір бұзушылықтар тіркелмегенін айт­ты. Миссия сай­лау учас­­­келерінің жанында және учас­келер ішінде үгіт-насихат жүр­гізетін мате­риалдар көрмеген. Де­­генмен Омер Кожаман келесі сайлауда назар аударатын мәселені атады.

«Халықтың барлық жастағы тұрғыны сайлауға қатысты, бір­қатар сайлау учаскесінде ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандустар болған жоқ. Біздің ойымызша, ол сайлаушылардың қатысуына, дауыс беруіне кедергі болады. Ал жалпы Қазақстанның ұйымдастырған сай­лауы басқа елдер үшін үлкен тәжірибе болады деген сенімдемін», – деді Омер Кожаман.

Оның айтуынша, Түркітілдес мем­­­­лекеттер ынтымақтастығы кеңесі Қазақстанның Парламент Мәжілісі мен мәслихат депу­тат­тары сайлауы ашық транс­парентті түрде және ұлттық заң­нама мен халықаралық стан­­дарт­тарға сәй­кес жүргізілді деп есеп­тейді. Мис­­сия өзінің сайлау туралы мә­лім­демесін жуық арада жа­рия­лайды.

Сайлаушыларда таңдау жасау үшін альтернатива болмады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Адам құқықтары мен демократиялық институттар жөніндегі бюросы мен ЕЫҚҰ Парламенттік ассамб­­лея­сының байқаушылары Қазақ­стандағы құқықтық база ЕҚЫҰ-ның демократиялық сайлауға қатысты міндеттемесіне әлі де негіз бола алмайды деген шешімге келгенін мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін заңдарға бірқатар түзету енгізілді. Соған қарамастан негізгі бос­тан­дық­тардан бастап дауыс беру, сай­лауға қатысу, сайлаушыларды тіркеу мен нәтижені жариялау құқына дейінгі сан алуан мәселе бойынша бұған дейін берілген ұсынымдарды әлі де орындау қажет», – деді ЕҚЫҰ ба­қылау миссиясының жетекшісі Кристиан Вигенин.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты сақ­тық шаралары ескеріліп, сайлау тиіс­­ті деңгейде ұйымдастырылды. Алайда осы науқанның саяси жағын да жетілдіру керек. ЕҚЫҰ ұстанымы кедергісіз плюрализм мен еркін азаматтық қоғамның өркендеуіне үндейді.

«Осыған байланысты Прези­денттің «Халық сөзіне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырым­дамасы, шынымен де, осы жағдайға жол ашады деп сенеміз. Сонда барлық азаматтың дауысы бағаланады. Кешегі сайлауда, шамамен 12 мил­­лион сайлаушы тіркелген болатын. Сайлау комиссиялары дайындық жұмыстарын жүргізді. Орталық сайлау комиссиясы отырысы пар­тия өкілдері мен бақылаушылар үшін ашық болды. Дегенмен тиісті шешімдер ресми отырыстарға дейін қабылданып отырған», – дейді.

Жалпы, сайлау күні тыныш өтті. Бірақ жергілікті жерде бай­қаушылардың жұмысын тиімді жүргізуге кедергі жасалды деп са­найды.

«Бірлесу еркіндігі жағынан әлі күнге дейін айтарлықтай кедергі бар. Саяси балама да аз, 2013 жыл­дан бері бірде-бір жаңа партия тіркелген жоқ. Партия мен Үкі­меттің айырмашылығы анық кө­рінбейді. Сайлауға қатысқан бар­лық саяси партия билік пар­тиясын қолдағаннан кейін үгіт-насихат кезінде бәсеке болған жоқ. Сай­лаушыларда таңдау жасау үшін нақты альтернатива болмады», – дейді Вигенин.

ЕҚЫҰ бақылау миссиясы сөз бен жиналыс бостандығының шектелуі үгіт-насихат жұмысына кері әсер еткенін, ондайда қоғам­дық пікірталас көп жағдайда ин­тернетке ауысып кететінін ай­тады.

«Сайлаушыларда нақты саяси таңдау мүмкіндігі болса, азаматтық қоғамның дауысы естілетін болса, ондай сайлау, шынымен демок­ратиялық сайлау бола алады», – дейді ЕҚЫҰ Адам құқықтары мен демократиялық институттар жө­ніндегі бюроның шектеулі мис­сиясының басшысы Ярослав Мар­чин Доманьски.

«Сырт көз – сыншы» демекші, біз байқай бермейтін мәселеге өзге­лер назар аударса және оны достық ниетпен жеткізсе, ондай сын мен ескертуден қорытынды шығаруға болады. Бұл түптептеп келгенде, демократия құндылығын дәріптейтін елдегі сайлау ұйым­дастырудың сапасын жаңа дең­гейге көтерері даусыз.

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ

 
Тегтер: Covid-19байқаушыМәжіліссайлаушетелдік
Алдыңғы жаңалық

Сәтбаев қаласына көшуден бас тартқан тұрғындардың үйі неге өртенді?

Келесі жаңалық

Пневмониядан бір адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

суицид
Әлеумет

Балалар суициді: қауіп қайдан демеңіз…

Қаңтар 23, 2021
облыс
Жаңалықтар

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
рэп
Мәдениет

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
домен
Әлеумет

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалар суициді: қауіп қайдан демеңіз…

Қаңтар 23, 10:15

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 09:52

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 09:30

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 09:00

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 08:40

«Фанерасыз» ән қайда?!

Қаңтар 23, 08:20

Дәріханадағы дау

Қаңтар 23, 08:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

суицид

Балалар суициді: қауіп қайдан демеңіз…

Қаңтар 23, 2021
облыс

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»