Жолаушы 3 миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кеткен
Жолаушы 3 миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кеткен
156
оқылды

Семейде 38 жастағы әйел полицияға ішінде 3 миллион теңгесі бар сөмкесі жоғалғанын айтып хабарласқан.  Бұл туралы Semeyainasy жазды.

Полицейлердің айтуынша, жолаушы Водный ауылы маңындағы аялдамадан түсіп қалған. Автобус қалаға қарай жүріп кеткен соң сөмкесі жоғын білген. Ол полицейлерден автобусты тоқтатып, сөмкесін іздеуді сұрады. Осыдан кейін полицейлер бақылау камераларының көмегімен автобустың қайда екенін анықтады. «ЦУМ» аялдамасында автобусты тоқтатып, ақша салынған сөмкені тауып, иесіне берді.

Автобуста қала шетінен орталыққа жеткенше сөмкедегі ақша да, заттар да жоғалмаған.