2019 жылдың үздік фильмдері
2019 жылдың үздік фильмдері

The Hollywood Reporter баспасының басты киносыншысы биылғы үздік ондықты таңдады.

Ол таңдаған фильмдердің ішінде Тарантино мен Скорсезенің, Грета Гервигтің туындылары мен екі француз киносы бар. «Ауыру мен атақ» пен «Неке хикаясы» бұл тізімге енбеген.

Бірінші орында Маккарти «Тарантиноның Голивудтағы өткеніне сағынышы», – деп атаған «Голивудтың бір күні» фильмі орналасты. Екінші орынға Адам Сендлер басты рөлде ойнаған «Қырланбаған қазына» фильмі жайғасқан. Үшінші сатыдан Грета Гервигтің үздік фильмі деп бағаланған «Кішкентай әйелдер» туындысы көрінді.

Одан төменгі сатыларға «Ирландиялық», «Отқа оранған бойжеткенің портреті», «Сан-Францискодағы соңғы қара нәсілді», «Ford пен Ferrari текетіресі», «Қоғамнан қуылғандар», «1917», «Хаммаршельдтің үмітсіз ісі» жайғасқан.