Ержан Максим Бакуде өткен «Қыс2019» байқауында көрермендерді таң қалдырды
Ержан Максим Бакуде өткен «Қыс2019» байқауында көрермендерді таң қалдырды

Қазақстандық жас орындаушының All by myself әні көптің көңілінен шыққан.

Бакуде өткен «Қыс 2019» балалар ән байқауының үшінші гала-концертінде Ержан Максим көрермен қошеметіне бөленді. Концерттің алдында барлық жас орындаушылар қызыл кілеммен жүріп өтіп, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, барлық қатысушылар суретке түскен. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен сұхбат барысында Ержан Максим өзіне Муслим Магомедовтың әндері ұнайтынын, сондықтан оның отанында өзін бақытты сезінетінін жеткізді.

Ержанды қолдауға Бакуде тұратын қазақстандықтар келген. Сондай-ақ шарада Әзірбайжандағы ҚР елшілігінің өкілдері де болды.

Әр орындаушы шығар алдында қатысушылар өздері туралы қысқаша баяндаған бейнеролик көрсетілген. Қазақстандық жас таланттың өнеріне көрермен шын тәнті болды. Ол сахнаға шыққаннан бастап әнді орындап біткенше көпшілік тік тұрып қол соққан. Концерт аяқталған соң олар қазақстандықтарға келіп Ержан Максимнің тамаша өнер көретуімен құттықтап, жас әншіге толағай табыс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Қыс-2019» халқаралық балалар ән байқауы үшінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жылдың ерекшелігі ретінде байқауға әзірбайжандық жас әншілерден басқа да өнерпаздар қатысып жатқанын айтуға болады. Олардың қатарында Ержан Максим (Қазақстан), Мария Магильная (Беларусь), Даниил Купч (Қазақстан), Варвара Кошевая (Украина), Клара Рот (Франция), Хиггинс-Хумес Рафаэл и Кроу Шагуан (Ұлыбритания) бар.қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.