Ділдәбеков – директор
Ділдәбеков – директор
170
оқылды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласындағы спорт мектебіне басшылық қызметке келді. 

Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі. Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.

Н. Назарбек.