"Қазақтың өз жері": Қонаевтың Қазақстанның солтүстігіндегі облыс атауларына қатысты мәлімдемесінің видеосы жарияланды
"Қазақтың өз жері": Қонаевтың Қазақстанның солтүстігіндегі облыс атауларына қатысты мәлімдемесінің видеосы жарияланды
442
оқылды
Үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстанның солтүстігіндегі 5 облыстың атауына қатысты мәлімдемесінің видеосы жарияланды. Оны Orda.kz порталы редакторының орынбасары Сырым Иткулов өзінің Facebook парақшасында жариялады.
"Кеңес Одағының президенті Михайл Горбачев Қазақстанның 5 облысын Ресейдің жері деп айтқан. Бұл оның тарихты білмейтінін көрсетеді. Біздің тарихшыларымыз оның бәріне баға беріп,  көрсетіп кеткен. Бұл қазақтың ата-бабадан мұраға қалған өз жері. Оның айтып отырғаны Қазақстанның солтүстік облыстары. Мәселен, Петропавлды қазақ Қызылжар, Павлодарды Кереку деп атады. Павлодарда Корякин деген саудагер болған. Қазақтар оның дүкенінен керек-жарағын сатып алу үшін барып жүріп, содан Корякин Кереку болып кеткен. Шындығында бұл қаланың атауы Тұзқала. Бұл да қазақтың өз жері. Хрушевтың заманында оның өз бұйрығымен Ақмола облысын Целиноград деп өзгертті. Бұл да қазақтың өз жері. Горбачев қазақ жерін Ресейдікі деп тарихты білмегендіктен айтқан. Бұл облыстар қазақтың өз жері, ата-бабамыздың жері. Сондықтан бұған мен көнбеймін, оған мен қарсымын", - дейді Қонаев.
Бұған дейін Кремль Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары Вячеслава Никонов, Евгений Федоров және Владимир Жириновскийдің Қазақстан жеріне қатысты айтқан пікірлеріне ресми түрде жауап бергенін жазған болатынбыз.