Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленджін қолдады
Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленджін қолдады
168
оқылды

Видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, 400-ден астам лүпіл басқан.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджі туралы жазды.

«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», – деді ҚР Президенті.

Еске салайық, Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастағаны туралы бұған дейін хабарланған. Әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмаса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды.

Қуандық Рақым орындайтын «Мен қазақпын» әнін 2018 жылдың 7 мамырында Қарулы күштердің 3 мың сарбазы жауынгерлік парад кезінде шырқаған еді шыққан еді. 

Туындының сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған.

 

https://youtu.be/fM_aNo_iYGs