Бес өңірде ескерту жарияланды
Бес өңірде ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 13 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады. 13 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 13 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. 13 қаңтарда түнде Павлодар облысында қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с сақталады. Павлодар қалпасында 13 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын сақталады. 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 13 қаңтарда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде қатты қар жауады. 13-15 қаңтарда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Тараз қаласында 13-15 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. 13 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.