Алматы облысында демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Өңірде коронавирус жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты карантин шараларын күшейту жоспарланып отыр.Биыл 11 күннің ішінде Талдықорғанда 135 адамнан, Көксу ауданында - 62 адамнан, Ескелді ауданында - 41 адамнан коронавирус анықталған. Осы өңірлерде демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі", - делінген хабарламада.Бұған дейін елордада қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.