Қарағанды облысында 6 көлік апатқа ұшырады

Қарағанды облысында 6 көлік апатқа ұшырады

12 қаңтарда Қарағанды облысы Алматы-Екатеринбург автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қарағанды мен Теміртау арасындағы учаскеде алты жеңіл автокөлік соқтықты. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттық оқиғада ауыр зардап шеккендер жоқ.

«Қарағанды облысының метеорологтары мен ПД қызметкерлерінің ауа райының күрт нашарлауы және сақтықты сақтау туралы бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, көптеген жүргізушілер жолға шығады. Осылайша, олар өздеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді. Полиция жүргізушілерге ескертуді ескеруге кеңес береді», - деп хабарлады полиция департаменті.
https://www.youtube.com/watch?v=PqSBIducxwA&feature=youtu.be

Ләззат Қожахметова Қарағанды облысы