Қазақстандықтар 2021 жылы зейнетақы мөлшері екі есе өсетінін талқылап жатыр

Қазақстандықтар 2021 жылы зейнетақы мөлшері екі есе өсетінін талқылап жатыр

Қазнетте 2021 жылы зейнетақының екі есе өсетіні туралы жаңалық тарады. Бұл олай емес, - деп жазады stopfake.kz. 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50% емес.

– «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында. 
2,2 млн адамның зейнетақысы өседі.