Қазақстанның сайлауды сәтті өткізе алғаны қуантады - сарапшы
Қазақстанның сайлауды сәтті өткізе алғаны қуантады - сарапшы
142
оқылды
Пандемияға және белгілі бір шектеулерге қарамастан, дауыс беру процесі бірқалыпты, ретке келтірілген және тиімді өтті. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтындағы Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Мадина Нұрғалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Бұл жолғы сайлау қазіргі күн тәртібіндегі негізгі және өзекті болып отырған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге халықтың назарын аудартқаны сөзсіз. Пандемияға және белгілі бір шектеулерге қарамастан, дауыс беру процесі бірқалыпты, ретке келтірілген және тиімді өтті. Сайлауға халықтың 60%-дан астамы қатысты», - дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтындағы Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Мадина Нұрғалиева.
Сарапшының айтуынша, Қазақстан сайлауды сәтті өткізе алды.
«Қазақстанның сайлауды сәтті өткізе алғаны қуантады. Қорытындыға сүйенсек, сайлау сәтті өтті. Қоғамның тұрақтылықты қалауға қатысты үміті ақталды», - дейді ол.