Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлауға қатысқандар көп болды - ресейлік сарапшы
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлауға қатысқандар көп болды - ресейлік сарапшы
90
оқылды
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Қазақстанда өткен сайлауға қатысқандар саны көп болды. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жанындағы Сараптамалық орталықтың бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Байқаушыларды сайлау науқаны дағдарыс кезеңімен сәйкес келіп қалғаны туралы мәселе алаңдатты. Біріншіден, қазіргі уақытта әлемде экономикалық дағдарыспен тығыз байланысы бар коронавирус дағдарысы орын алуда. Бұл психологиялық тұрғыда ауыр жағдай. Екіншіден, посткеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда қызық құбылыс болып жатыр, ол – ұрпақтың алмасуы. Ұрпақ алмасуының бір бөлігі – Қазақстанда болып жатқан және жалғасын тауып жатқан саяси транзит», - дейді Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жанындағы Сараптамалық орталықтың бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев. «Сыртқы байқаушы тұрғысынан алып қарағанда сайлауды тұрақтылықты сақтай отырып өткізу өте маңызды сияқты. Бұл сайлауда тұрақтылық сақталды», - дейді Андрей Казанцев. Ол Парламентте жастар мен әйелдер саны артқаны туралы туралы айтты. «Партия деңгейінде де болашақты айқындай түсетін қарқынды өзгерістер болып жатыр. Мысал ретінде «Nur Otan» партиясы өткізген праймеризді, басқа да партиялардың ребрендингі туралы айтуға болады. Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлауға қатысқандар және шетелдік, халықаралық байқаушылар көп болды», - дейді сарапшы.
Оның пікірінше, тұрақтылық пен реформаны үйлестіре білу сыртқы байқаушылар үшін қызық болды. Бұл әрдайым Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын сипаттап келген құбылыс және бұл дәстүр әлі де жалғасын таба береді.
«Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 қаңтар күні болатын Халыққа үндеуін күтеміз. Алдағы реформалар қандай бағытта болатыны қызық. Ол реформа туралы айтқан кезде экономикалық прагматизмге тоқталып өтті. Яғни саясат халықтың жақсырақ өмір сүре түсуі үшін қолданылады», - дейді Андрей Казанцев.