"Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционер қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі беріліуі мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: “Ақтөбе халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген қаулыда. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.