Қарағанды облысы аумағында ескерту жарияланды. Автокөлік қозғалысы барлық бағыт бойынша жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Осыған байланысты Қарағанды облысы ТЖД мамандары келесідей ескертулер жасады: - елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз; - автожолдарда көлік құралдарының жиналуына жол бермеңіз; - мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда болыңыз. Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Дәрмен» мобильдік қосымшасында, әлеуметтік желілерде ТЖД ресми парақшаларында қолжетімді.