Сабақтың жартысы мектепте оқытылады
Сабақтың жартысы мектепте оқытылады
5,102
оқылды

Қазақстандағы мек­теп­терде жоспарлы түрде үшінші оқу тоқсаны 11 қаң­тарда бас­талды. Бұл тоқсан 20 нау­рызға дейін жал­ғасады. Білім және ғылым вице-министрі Шол­пан Каринова мек­теп­терде са­ни­­тарлық ахуал ес­керіліп, оқу процесі әртүрлі фор­матта жүр­гізілетінін мә­лім етті.

Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, дәстүрлі форматта оқыту жалпы білім беретін мек­тептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса ал­­­ған­­да, халықаралық мек­теп­терде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші бойынша 15 баладан ас­­­пайтын сыныптарда жалғасады. Сонымен қатар кон­тингенті 300 ба­­­­­лаға дейінгі мек­тептерде де оқу­­шылар дәс­түрлі форматта оқиды. Бұл тоқсанда меншік ны­санына қарамастан мектептердің бітіруші сыныптары (9, 11, 12-сы­ныптар) үшін оқушылар штаттық режимде оқытыла бас­­тады. Олар­да пәндердің 70%-ы – штат­тық ре­жимде, 30%-ы қа­шықтан оқыту ұсынылды. Сани­тарлық-эпиде­миологиялық та­лаптарды қатаң сақтай отырып, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі мектеп-ин­тер­наттардың, мектеп жанын­дағы интер­нат­тардың, дарынды ба­лаларға ар­налған мек­теп-ин­тернаттардың балаларына сонда тұрып оқуына рұқсат етілді. Меншік нысанына қара­мас­тан білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптары үшін оқыту аралас форматта ұйымдас­ты­рылады: пәндердің 70%-ы – дәстүрлі фор­матта, ал 30%-ы қашықтан оқы­тылады. Биыл еліміз бойынша бітіруші сы­ныптардағы оқу­шы­лардың са­ны 440 мыңнан ас­там адамды құ­райды. Оқу процесін аралас форматта ұйым­дастыру кезінде санитарлық-эпиде­мио­ло­гия­лық нормалар сақталып, са­бақ­тар­дың ың­ғайлы кестесі құ­рылады. Сонымен қатар әлеуметтік қа­шықтықты сақтау үшін ауы­сымдар мен кіші ауысымдар саны ұл­ғайтылып, әрбір сынып үшін са­бақ арасындағы үзілістер әртүрлі уақытта ұйым­­дас­ты­ры­лады. Са­ни­­тарлық талап­тарға сәйкес мек­тепке кіру ке­зінде білім ал­ушылар мен педа­гог­тердің дене қызуын күнделікті өлшеу қажет. Сондай-ақ қажет болған жағдайда педа­гогтердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының қалауы бойын­ша штаттық фор­матта білім алып жатқан оқу­шы­лар үшін мек­тепте жеке кон­сультациялар өт­кізуге рұқсат етілген. Бір топта 5 адам­нан артық болмауы керек.

 Айша ЕРСҰЛТАН