Бөлінген бюджетті игермейді
Бөлінген бюджетті игермейді

Өткен жылы респуб­ликалық бюджеттен бө­лінген нысаналы транс­ферттерді 2 қала мен 3 об­лыс әкімдігі игере ал­мады. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қар­жысын игермеген мем­ле­­­­кеттік орган­дар­дың тиісті лауазымды тұлғаларын жауап­­­­­кер­шілікке тартуды ұсынды. Ол бұл ұсынысын кешегі Үкімет отырысында айт­ты.

Оның айтуынша, өткен жылы республикалық бюджеттің па­раметрлері екі рет нақтыланған болатын. Бұл ретте, бюджет заң­намасына сәйкес шығыс бөлігі республикалық бюджеттік бағ­дар­­­ламалар әкімшілерінің және жергілікті атқарушы ор­ган­дардың өтінімі бойынша 8 рет түзетілді. «Дегенмен жыл қоры­тын­дысы бойынша бізде респуб­ликалық деңгейде де, нысаналы транс­ферттер бойынша жер­гілікті деңгейде де бюджет қар­жысының игерілмеуі тіркеліп отыр. Осыған бай­ланысты мем­лекеттік органдардың тиісті лауа­зымды тұл­ғаларын жауап­кер­шілікке тарту мә­селесін қа­­растыру ұсы­нылады», – деді Ер­ұлан Жамаубаев. Қаржы министрінің де­ре­гінше, 2020 жылы өңірлерге көзделген нысаналы транс­ферт­тер толық көлемде бөлінді және 2,2 трлн теңгені құрады. Жергілікті жерлерде 99,4 пайызы игерілген. 13 млрд теңгенің жұмысы атқа­рылмады, оның ішінде 2 млрд теңге үнемделсе, 11 млрд теңге игерілмеген. Бюджет қаржысы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақмола, Қы­зылорда облыстарында иге­рілмеді.

Тұмар МЫРЗА