Қауіп сейілген жоқ
Қауіп сейілген жоқ

Қызылорда облысы коронавирус ин­фекциясы бойынша репродуктивтік көр­сеткіште «жасыл аймақта» тұрғанымен, ма­мандар әлі де қауіп бар екенін айтады. Соңғы уақытта қатерлі індетке шалдыққан аза­маттар күн сайын тіркелуде.

Биылғы жылдың басынан бері 57 дерек тіркелді. Тіркелген жағдайдың басым бөлігінде қарым-қатынас арқылы таралғаны анықталды. Соңғы тәулікте, 11 қаңтардағы мәлімет бойынша коро­навирус инфекциясының 6 дерегі анықталған. Оның 5-еуі Қызылорда қаласында, 1-еуі Жаңа­қорған ауданында тіркелді. – ПТР анализдері 4 науқастан жұмысқа түсу алдындағы профилактикалық мақсаттағы тексеру кезінде алынған. Ал 1 науқас ЖРВИ симптомының болуына байланысты өздігінен медициналық кө­мекке жүгінсе, 1 науқас коронавирус ин­фек­циясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста бол­ған. Талдау нәтижесі коронавирус инфекциясына оң әсер көрсетті. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Про­филактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, – деп мәлім етті Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депар­таментінің баспасөз қызметі. Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ко­ронавирус инфекциясының 3 449 дерегі есепке алынған. Барлық тіркелген жағдайдың 55%-ы симптоммен, 45%-ы клиникалық белгісінсіз анық­талған.

Әбілмансұр ЖАСАН