Су кодексіне енгізілетін өзгерістерді қарайды
Су кодексіне енгізілетін өзгерістерді қарайды
191
оқылды

Сенат Төрағасы өз сөзінде 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына тоқталып, дауыс беруге қатысқан аза­маттардың белсенділігіне назар аударды.

«Жуырда 7-шақырылымдағы Қазақстан Пар­ламентінің 1-сессиясы ашылады. Сол жиында Мемлекет басшысы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді белгілеп береді. Парламент Президенттің барлық бастамасын нәтижелі іске асыру үшін сапалы заңдар қабылдауы қажет», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенаторлар алдағы Палата отырысында «Қа­зақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қа­райды. Бұл құжат ауылдық жерлерді ауызсумен жабдықтау жұмыстарын оңтайландыруға және жаңадан құрылған жүйелерді жеңілдігі бар нысандар тізіміне қосу ісін тездетуге арналған. Сонымен қатар депутаттар Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасын қарайды. Аталған заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзір­ленген. Құжат тіркеу рәсімдерін және мемле­кеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыруға мүм­кіндік береді. Оның ішінде электронды форматта көр­сетілетін қызмет түрлері де бар екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ сенаторлар алдағы бейсенбіде Элек­трондық жүйенің пайдаланылуын және оған қызмет көрсететін персоналдың жұмысын бақылау жөніндегі комиссия құру мәселесін қарайды.