Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің кей өңірінде тұман түседі. Жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік пен оңтүстік батыста көктайғақ болады.
Жамбыл облысының жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал. Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, Қарағанды облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.