Министрлік өкілі Қырғызстанда қайтыс болған қазақстандық оқушыға қатысты пікір білдірді
Министрлік өкілі Қырғызстанда қайтыс болған қазақстандық оқушыға қатысты пікір білдірді
138
оқылды

Министрліктің мәліметінше, бала шаңғымен сырғанаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

«Қазақстандық консул қаза болған баланың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен хабарласып, мән-жайды біліп отыр. Баланың ата-анасына барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі», – дейді министрлік өкілі.

Айта кетейік, 13 жастағы қазақстандық Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл тау-шаңғы базасында қайтыс болды.

Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат полицияға кеше сағат 15:00 шамасында түскен. Бала шаңғымен таудан төменге қарай сырғанап келе жатып, шыршаға соғылып, оқиға орнында қайтыс болған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.