Министрліктің мәліметінше, бала шаңғымен сырғанаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.
Айта кетейік, 13 жастағы қазақстандық Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл тау-шаңғы базасында қайтыс болды.«Қазақстандық консул қаза болған баланың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен хабарласып, мән-жайды біліп отыр. Баланың ата-анасына барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі», – дейді министрлік өкілі.
Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат полицияға кеше сағат 15:00 шамасында түскен. Бала шаңғымен таудан төменге қарай сырғанап келе жатып, шыршаға соғылып, оқиға орнында қайтыс болған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.