Тәуелсіздік күні елордада мерекелік отшашу болады
Тәуелсіздік күні елордада мерекелік отшашу болады
140
оқылды

Шара кешкі 21:00-ге жоспарланған.

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күнінің құрметіне мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, Хан Шатырдың жанынан және Абылай хан мен Пушкин көшелерінің қиылысынан көре алады.

21:00-де басталған отшашу 10 минутқа созылмақ. Биіктігі – 210 метр. Әр қорап 4500 - 5000 рет от шашады деп жоспарланған. Мерекелік отшашу қаланың кез-келген ашық жерінен көрінетін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шараға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Отшашулар толықтай демеушілердің қаражатына ұйымдастырылып отыр.