Әкімдер киіктер жүретін аумақтардың қарын күрейтін болды
Әкімдер киіктер жүретін аумақтардың қарын күрейтін болды
130
оқылды

Ақмола облыс бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, былтыр желтоқсанда Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік бар.

Соңғы күндері ауа райының күрт құбылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндіріп отыр.

«Қаңтардағы қатты аяз (кейбір жерлерде минус -42 градус - ред.) және ақтүтек боранның салдарынан облыс аумағында жабайы жануарлардың шөп тауып қоректенуіне қиындық туып отыр. Оның ішінде киіктердің аштан қырылу қаупі бар. Тіпті, кейбір өңірлерде киіктердің аштан өлген дерегі де тіркелді. Сол себепті, киіктер жаппай қырылмауы үшін Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандары аумағындағы киіктер жүретін аумақтағы қарды «К700» тракторымен күрету туралы аталмыш аудандардың әкімдеріне нұсқау берілді», – деп хабарлады басқарма өкілі.