«Назар аударсаңыз, жолда қалмайсыз» – Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге кеңес берді
«Назар аударсаңыз, жолда қалмайсыз» – Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге кеңес берді
109
оқылды

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Биыл 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толығымен жабылды. Сондай-ақ Ақмола және Қостанай облысында қала сыртындағы тасжолдарда Солтүстік Қазақстан облысы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы шектелген. Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстары бағыты бойынша қозғалыс шектелген. Бүгін Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райы құбылмалы болады. ІІМ аймақ тұрғындарына ұзақ сапарға шықпау керегін ескертеді.

Ал екі күнде жолдарда 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тапты, 50 адам түрлі жарақат алды. Қар құрсауынан полиция күшімен 30-дан астам көлік шығарылды.