«Ақжайық» премьер-лигаға қайта оралды
«Ақжайық» премьер-лигаға қайта оралды

Биылғы маусымда премьер-лигада 14 команда бақ сынай­ды. Бұл жайында Қазақстан футбол феде­рациясы Атқару комитетінің отырысында шешім қа­был­данған-ды. Сондықтан Орал­дың «Ақ­жайығы» премьер-лигада бақ сы­най­ды.

Өткен жылы ел біріншілігінде 12 команда доп тепті. Кейінірек қаржы мәселесіне байланысты «Ертіс» жарыстан шығып қалды. Ережеге сәйкес, лига соңында ұпайы түгел болмаған «Оқжетпес» бірінші лигаға ауысты. Ал бірінші лиганың екі конференциясында жеңімпаз атанған «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары премьер-лигада ой­нау­ға мүмкіндік алды. «Біз өткен маусымда бірінші лигада өз тобы­мызда «Атыраудан» кейін екінші орынға ие бол­дық. Осы спорттық нәтиже бойынша премьер-лигаға оралып отырмыз. Жуырда бас бапкер мәселесі шешілетін болады. Жаңадан ойыншылар аламыз. Қазір команда Оралда жаттығып жатыр. Рұқсат берілсе, Түркияға оқу-жаттығу жиынына барамыз», – деді БАҚ-қа берген сұхбатында «Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхы.

А.АЙДАР