Қырғызстанда тауда қайтыс болған елордалық оқушыға қатысты тың мәліметтер жарияланды
Қырғызстанда тауда қайтыс болған елордалық оқушыға қатысты тың мәліметтер жарияланды
128
оқылды

Бұл туралы жергілікті 24.kg.жазды.

Дереккөздің жазуынша, 3 қаңтарда 35 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 13 жастағы баласымен бірге Шу облысы Тоқмақ қаласында тұратын ағасының үйіне қонаққа барған. 10 қаңтар күні бала туыстарымен Қаракөл демалыс аймағына сырғанаққа шыққан. Олар «Каприз» қонақүйіне аялдап, сырғанау үшін тау басына көтерілген.

«12 қаңтарда түс мезгілінде шамамен сағат 13.00-де бала 3040 метр биіктіктегі тауға шығып, батыс трассамен төмен қарай сырғанайды. Жолда 2700 метр биіктікте батыстан шығысқа қарай бұрылыс жасаймын деп шыршаға барып соғылады. Бала сол жерде қайтыс болды, – дейді полицейлер.

Сараптама нәтижесінде, баланың аяғы мен мойны сынғаны анықталды. Тергеу басталды. 31 қаңтарда бала 14 жасқа толатын еді.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баланың отбасына көмек көрсетілетінін айтқан болатын.