Әскерге шақырылғандар арасында көзі көрмейтін жастар көбейіп бара жатыр  
Әскерге шақырылғандар арасында көзі көрмейтін жастар көбейіп бара жатыр  
146
оқылды

Дәрігерлер қазіргі жастардың дені сау болғанымен, көзі көрмейтіндердің көбейгенін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Әскери-медициналық комиссия мүшелерінің айтуынша, жастардың дені сау. Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, қазір майтабандар да әскерге қатарына алынады. Кейінгі жылдары бойы аласа, салмағы аз жігіттер азайды. Бірақ көру қабілеті нашар жастар саны көбейген.

Аудандық медициналық комиссияның төрағасы Жапар Төлемісов: «Жастар арасында тері аурулары кездеседі. Оны емдеуге болады. Гастрит, пневмонияны емдеп жазуға мүмкіндік бар. Ең қиыны, көзінің көру қабілеті нашарлағандардың көбейгені алаңдатады», – дейді.

Қазақстанда 18 жасқа толған дені сау жастар Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.

Бұған дейін әскерге шақырылған бозбаланың әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткенін жазған болатынбыз.