Зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсайтын, бұрын «Отбасы банкінде» есепшоты жоқ клиент арнайы есепшот ашады.
Арнайы шот ашу үшін:- ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android).
- Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы «Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу» пернесін басыңыз.
- Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.
- Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі.
- Келген кодты енгізіңіз
- Сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындап қойыңыз.
- Енді өзіңізді куәландыру қажет. Экранға қарап, қиын емес бірнеше іс-әрекетті орындаңыз.
- Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз.
- Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз.
- Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз.
- Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз.
- Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылды. «Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады.
Сонымен қатар арнайы шотты «Отбасы банкінің» сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы да ашуға болады. Арнайы шотты дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ашуға болады.
Бұған дейін Зейнетақы жинағын алу тәртібі туралы жазған болатынбыз.