Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

"Қазгидромет" РМК 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

"14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшейеді, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады", - делінген хабарламада.