Қарағанды облысында жоғалған ер адам мола басынан табылды
Қарағанды облысында жоғалған ер адам мола басынан табылды
102
оқылды
Қарағанды облысында жыл басында бір аптаға созылған аяздан 71 адам үсік алды. Олардың ішінде 23 адам ауруханада ем алып, екеуі қайтыс болды. Ал 48 адам емдерін үйде қабылдаған. Төсекке таңылғандардың 12-сіне ота жасалған.
- Екі адам қайтыс болды. Біреуі аяз қақап тұрған кезде үйден шығып кеткен. Ол моладан табылды. Моланың басында бір тәулік бойы жатқан. Үстінде қысқы киім киім болған жоқ. Бізге ауыр хәлде жеткізілді. Жасалған емге қарамастан қайтыс болды. Екінші марқұм үсік алғаннан кейін дәрігердің көмегіне 7 күн өткеннен кейін ғана жүгінді. Өзінің жарақаты соншалық ауыр екенін білмесе керек",-дейді Х.Ж Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.
Суық адамның сүйегінен өтсе, үйде аяққа тұрғызу мүмкін емес дейді дәрігерлер. Үсік шалғандардың 60 пайызынан астамы алкогольдік ішімдік ішкен.

Ләззат Қожахметова Қарағанды облысы