Санитарлық-эпидемиялық жағдайы тұрақты өңірлердегі мектеп астаналарының жұмысы жанданады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
"Мектеп асханаларының жұмысына рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр" , - деді ол брифингте.Оның айтуынша, қазір санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде мектеп асханаларын ашу мәселесі талқылану үстінде. Бұған дейін Ерлан Қиясов Қазақстанның "сары" аймаққа өткенін айтқан болатын.