Қазақстанда -38 градус аяз болады
Қазақстанда -38 градус аяз болады
111
оқылды
«Қазгидромет» РМК ауа райының құбылуына байланысты 4 облыста ескерту жариялады. 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Орал қаласында 14 қаңтар күні тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 18 м/с. 14 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді. 14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді. Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градусқа дейін төмендейді. азақ14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.