Шымкент тұрғыны 300 мың теңгені дәретханаға ағызып жіберді
Шымкент тұрғыны 300 мың теңгені дәретханаға ағызып жіберді
146
оқылды
Шымкент қаласының тұрғыны жерасты ойынханасын ашқан жалдамалы пәтеріне тексеріс келген кезде жүздеген мың теңгені дәретханаға ағызып жіберген, - деп хабарлады КТК телеарнаасы. Шымкентте пәтерді казиноға айналдырған келіншек жеңіл жазамен құтылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 31 жастағы әйел небәрі 505 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Себебі сотталушы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екен. Базарда сатушы болып істейтін Өзбекстанның тумасы көпқабатты үйлердің бірінен екі бөлмелі пәтер жалдаған. Сосын ішіне покер үстелін қойып, ойын карталары мен казино фишкілерін әкеліпті. Сөйтіп алғашқы клиенттерін қабылдап жатқан кезде экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері  кіріп келген. Жедел топ казиноға кіріп келгенде дилер болып істейтін қос бойжеткен үстел үстіндегі 300 мың теңгені әжетханаға ағызып жіберген. Соған қарамастан дилерлер мен құмар ойынға құмартқан азаматтар ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ.
"Ұстау кезінде аталған пәтерде бұл кісіден бөлек, яғни ойын ойнаған 6-7 адам анықталған. Дилер қызметін көрсеткен 2 әйел ұсталған. Олар істе куәгер болды", - деді Абай аудандық сотының судьясы Қанат Мылтықбаев.