Пандемия кезінде Қазақстанда 1,5 миллион адам кедейлікке тап болады –Дүниежүзілік банк

Пандемия кезінде Қазақстанда 1,5 миллион адам кедейлікке тап болады –Дүниежүзілік банк

Коронавирус панденмиясы кезінде Қазақстанда 1,5 миллион адам кедейлікке тап болады, - деп мәлімдеді  Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аға экономисі Самсу Рахарджа.

«Коронавирус дағдарысы Қазақстанда кедей адамдар санының артуына ықпал ететін секілді. Біздің болжам бойынша, елдегі кедейлік деңгейі жағымсыз сценарий орын алған жағдайда 6%-дан14% дейін ұлғаяды. Бұл шамамен 1,5 миллион адам ккедейлікке тап болады деген сөз», - деп хабарлады  «ҚазТАГ» ХАА-ға  Рахарджа сәрсенбіде.
Оның айтуынша, болжам екі себепке байланысты жасалған. Біріншіден, пандемия кезінде жұмыссыздар санының артуынан табыс азаяды. Екіншіден, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауынан халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Сарапшылардың болжамынша, коронавирус пандемиясынан Қазақстанның ауылдық жерлерінде тұратын халық көп зардап  шегеді. Өйткені мұнда жұмысқа тұру мүмкіндігі және қызметтер қолжетімділігі шектеулі. Бұған дейін белгілі экономист, UIB бизнес мектебінің директоры Мақсат Халық 2021 жылы қай валюта ықпалды болатынын айтқан болатын.