Қостанайлық тұрғынның банк картасынан 50 миллион теңге ұрланған. Қылмыскерлер жәбірленушіні интернет сайттағы жарнама арқылы тауыпты. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды. Жәбірленуші жарнамаға көлік тіркемесін саудаға қойған. Әккі қылмыскерлер алдын ала төлем жасау үшін ер кісімен хабарласып, оның банк картасы жайлы барлық мәліметтерді, тіпті СМС хабарламамен келетін құпия кодты біліп алған. Осылайша алаяқтар интернет-банкингке қосылған телефон номерін өздігінен ауыстырып, оңай олжаға кенелген. Полицейлер қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Әзірге олардың Ресейде тұратыны ғана белгілі. "Өткен жыл соңында 50 адамды алдаған алаяқты қолға түсірдік. Ол инстаграм желісінде аяқ киім дүкені парақшасын ашып, тауарларға 80 процент жеңілдік ұсынылады деп көпшілікті қызықтырған. Ал шын мәнінде ешқандай аяқ киім болмаған. Ер адам интернет-дүкендердегі тауарлардың фотоларын жариялаған",– дейді ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров