Еліміздің тек қана батыс аймағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон әсер етеді. Сондықтан батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.
Сонымен қатар оңтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-шығыс пен батыста көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны 23-28 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын тұрады, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің күші – 15-20, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с болады. Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні – 15-20 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны – 15-20 м/с. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын көтеріледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, боран соғады.Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.