Капитолийді күзететін сарбаздардың ұйықтап жатқан фотосы жарияланды
Капитолийді күзететін сарбаздардың ұйықтап жатқан фотосы жарияланды

Вашингтонда 6 қаңтар күні Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге баса-көктеп кірген еді. Қақтығыста 5 адам қайтыс болды. Содан бері Капитолийді күзету күшейтілді.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясы кезінде келеңсіздік болдырмау үшін Капитолийді ұлттық гвардияның 6 мың сарбазы күзетеді. New York Times-тың Вашингтондағы фотографы Эрин Шафф «Капитолийді күзетеді» деген сарбаздардың ұйықтап жатқан фотосын Twitter-дегі парақшасында жариялады.

«Бүгін таңертеңгі Капитолийдегі көрініс, әдетте спикер Пелоси (Нэнси Пелоси – АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері – ред.) осы жермен өз кабинетіне қарай өтеді», – деп жазды Эрин Шафф.

АҚШ-та 20 қаңтар күні Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.