Тәуелсіздігімізді баянды ету – білімді де білікті ұрпақтың қолында – министр
Тәуелсіздігімізді баянды ету – білімді де білікті ұрпақтың қолында – министр
148
оқылды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол тілегін Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Достар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздіктің таңы атқанына 28 жыл толып отыр. Таңдап алған жолымыз бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің ортақ мақсатымыз – тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді сақтау және еселей түсу», – деп жазды министр.

Асхат Аймағамбетов өз жазбасында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің білім беру саласында да жеткен жетістіктері аз емесіне тоқталды.

«Осы ретте, тәуелсіздігімізді баянды ету – білімді де білікті болашақ ұрпақтың қолында екендігін айта кеткен жөн. Өйткені мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болуы үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек. Мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке және Отанымыздың гүлденуін тілеймін!» – деді министр.

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел атанғанына 28 жыл толып отыр.