Тоқаев Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Тоқаев Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
  1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.

Президент бұған дейін жаңа реформалар туралы айтқан болатын.