Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әмірхан Рахымжанов Nur Otan партиясынан Парламент Мәжілісіне депутат болды.Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа шақырылған Мәжілістің сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.